Непалдың Ұлттық апаттар қаупін азайту және басқару басқармасының жаңартылған мәліметіне сәйкес, елдегі қаза тапқан адамдардың саны 538-ге жетті. 977 адам із-түзсіз жоғалды, олардың арасында 517 шетелдік азамат бар.
Шекараның қытайлық жағында, ҚХР Сицзян автономиялық ауданында Төтенше жағдайларды басқару агенттігі жұма күні сағат 15:00–дегі жағдай бойынша бес адамның құрбан болғанын хабарлады. Тағы 558 адам із-түзсіз жоғалып кеткен, соның ішінде 260 адам — шетел азаматтары.
Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) Орталық комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин жұма күні ҚКП ОК Саяси бюросының отырысында төрағалық етті. Отырыс апатт барысында селден кейін құтқару жұмыстары мен көмек көрсету жоспары талқыланып, әзірленді, деп хабарлады мемлекеттік БАҚ.
Бұған дейін Kazinform Непалдағы жойқын су тасқынына Лхендэ өзенінің арнасын уақытша бөгеп қалған мұздық пен тау жыныстарының опырылуы себеп болуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Табиғи бөгет бұзылғаннан кейін қуатты су ағыны өзеннің төменгі ағысына қарай ұмтылған.
Осыған дейін Непал-Қытай шекарасында су тасқыны құрбандарының саны 500 адамға жақындағанын жаздық.
Сондай-ақ Қытай-Непал шекарасында екі қазақстандық турист іздестіріліп жатқаны хабарланды.