НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Tara Air» әуе компаниясының шағын бортында 22 адам болған. Ол Катмандудан 200 шақырымдағы Покхара қаласынан Джомсомға ұшып, көп ұзамай радардан жоғалып кетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews сайтына сілтеме жасап.
«Tara Air авиакомпаниясының Twin Otter ұшағы Покхар әуежайынан Джомсомға сағат 9:55-те ұшты. Бортта 19 жолаушы мен экипаждың 3 мүшесі болды. Ұшақ көтерілгеннен кейін шамамен 15 минуттан соң байланыс үзілді», - дейді компания өкілі Сударшан Бартаула.
Жолаушылар арасында 6 шетелдік бары белгілі. Олардың төртеуі - Үндістан, екеуі - Германия азаматы.
Ұшақтың құлаған орны шамамен анықталып, ол жаққа құтқарушылар, әскери және полиция қызметшілері жөнелтілген.
Айта кетсек, әлемнің 33 елінде балаларға жедел жұғатын белгісіз гепатит анықталды.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.