Непалда әуе апаты салдарынан екі адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 ақпанда Непалда жергілікті Kasthamandap Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады, екі адам қаза тапты, деп хабарлады Синьхуа агенттігі. Ұшақ бортында тоғыз жолаушы мен 2 экипаж мүшесі болған. Экипаждың екі мүшесі және бір ұшқыш мерт болды.

Апат елдің батыс бөлігінде болған. Бір моторлы ұшақ Непалганджадан Джумла қаласына бет алған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ұшақ бортында болған жолаушылардың қалғаны аман, алайда түрлі жарақат алыпты.

Оқиға орнына әскерилер мен полицейлер жөнелтілді. "Кашамандап эйр" оқиға орнына тік ұшағын жіберді.

Бұл Непалда осы аптада болған екінші апат. Сәрсенбі, 24 ақпанда, Tara Airlines әуе компаниясының DH-6 Twin Otter ұшағының құлауы салдарынан бортта болған барлық адам - 18 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі көз жұмды.