Непалда коменданттық сағат 12 қыркүйекке дейін ұзартылды
05:25, 11 Қыркүйек 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Непалдағы тәртіпсіздіктерге байланысты ел армиясы кейбір қалаларда коменданттық сағатты 12 қыркүйекке дейін ұзартты, деп хабарлайды ТАСС.
Бұл туралы Ресейдің Катмандудағы елшілігі Telegram-арнасында мәлім етті.
Айта кетейік, бұған дейін Непалда наразылық кезінде 14 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.
Непал премьер-министрі жаппай наразылықтар тұсында отставкаға кетті.
Непалда наразылық білдірушілер үкімет ғимараттарын да өртеп жіберді.