НЬЮ-ДЕЛИ. ТАСС-ҚазАқпарат – Непалда құлаған ұшақ бортындағы 72 адамның барлығы көз жұмды. Бұл туралы Yeti Airlines әуе компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ТАСС» агенттігіне сілтеме жасап.
«Барлығы қаза тапты. Бортта болған 68 жолаушы және экипаждың 4 мүшесі көз жұмды», - деді авиатасымалдаушы өкілі Пемба Шерпа.
Ол «апаттан тірі қалғандардың бары» туралы нұсқаны жоққа шығарды. Айтуынша, қаза болғандардың денелері Покхара ауруханасына жеткізіліп жатыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Непалдың Покхара қаласында ішкі рейс ұшағы апатқа ұшырады. БАҚ ұшақ бортында шетелдіктердің болғаны туралы ақпарат таратты.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.