НЕПАЛ. KAZINFORM — Мамыр айының соңында басталған муссон маусымынан бері Непалда 43 адам қаза тауып, 116 адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы Табиғи апаттар қаупін азайту және бақылау жөніндегі ұлттық басқарма хабарлады, деп жазады Синьхуа.
Сәрсенбі кешкісін жарияланған есепке сәйкес, муссон жаңбырлары нәтижесінде болған 569 табиғи апатта 16 адам із-түссіз жоғалған.
Ең көп адам шығынына ұласқан апат — су тасқыны болды. Одан 15 адам қаза тауып, тағы жеті адам зардап шеккен. Одан кейінгі орында найзағай — 14 адамның өмірін қиып, тағы 95 адамды жаралаған. Ал көшкін 14 адамның өліміне себеп болған.
Айта кетейік, Непалда муссон маусымы әдетте қазан айының басына дейін жалғасады.
Бұған дейін Қытай мен Непалды байланыстыратын көпір су тасқынынан опырылып құлап, 18 адам із-түзсіз жоғалып кеткенін жаздық.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы