Непалда шіркеудің қирауы салдарынан 24 адам қаза тапты

АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Непалда Дхаран (Dharan) қаласында шіркеудің қирауы салдарынан 24 адам мерт болды және 60 адам жарақат алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні, қыркүйектің 30-ында таңертең қираған шіркеуде христиандық конференциясының қатысушылары түнеген болатын. Опат болғандардың 17-сі әйелдер және 4-еуі балалар. Оқиғаның себебі анықталуда.

Дхаран қаласы Непалдың шығысында - елдің астанасы Катмандуден 400 шақырым жерде орналасқан.