Непалда су тасқынынан қаза тапқандар саны 97-ге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалда соңғы 3 күн бойы су тасқыны мен лай көшкінінен ажал құшқандар саны 97-ге жетті, деп хабарлады 24.kz.

Бұған дейін ақпарат көздері 85 адамның қаза болғаны жайлы хабарлаған болатын. Тағы 113-і із-түзсіз жоғалып кеткен. Сондай-ақ, табиғи апаттан 54 адам жарақат алған. Апат болған аймақтарға 2 мыңға жуық құтқарушы мен бірнеше тікұшақ жұмылдырылды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, толассыз жауған жаңбырдан Непалдың төрттен бір бөлігін су шайып кеткен.