Непалда әлі де көшкін қаупі бар

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай Халық Республикасының Су ресурстары министрлігі Непалдағы Цоцзян өзенінде жаңа көшкіндер мен кішігірім көлдің пайда болу қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бейжіңдегі меншікті тілшісі жергілікті БАҚ -қа сілтеме жасай отырып.

Фото: Xinhua

Ведомство сарапшылары осындай қорытындыға 31 тамызда түсірілген апат аймағының спутниктік суреттерін талдағаннан кейін келді. Опырылған шұңқырдағы су бетінің аумағы 83 мың шаршы метрге дейін қысқарды. Бұл алдыңғы күнгі көрсеткіштен 14 мың шаршы метрге аз.

2,5 шақырым радиуста, ағыс бойымен төмен қарай үш шағын су айдыны анықталды. Қазіргі уақытта олар өзен арнасымен жалғасып жатыр, сондықтан өзен ағыны бөгелмеген. Алайда опырылған шұңқырға жақын орналасқан мұздықтарда қар көшкіні қаупі әлі де сақталады. 

31 тамызда ұшқышсыз ұшу аппараттарынан түсірілген кадрларда бұрынғы Пурэпуцян-Цангпо көлінен 3 км төмен орналасқан өзеннің екі жағалауындағы көшкін массалары байқалады. Өзен арнасы қазіргі уақытта таза, бірақ одан қайталама көшкіндер ағынды қайтадан жауып, жаңа қауіпті су айдынын қалыптастыруы мүмкін.

Осыған дейін Непал мен Қытай шекарасындағы тасқыннан кейін 900-ден астам адам қаза тауып, 5 мыңға жуық адам хабар-ошарсыз екенін хабарладық.