Непалдағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 3200 адамнан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалдағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың саны 3200 адамнан асты, деп жазады Би-би-си.

Билік орындарының хабарлауынша, қазіргі сәтте табиғи апаттан құрбан болғандар саны 3218 адам, ал тағы 6538-і зардап шеккен.

Сондай-ақ Үндістан және Қытай тәрізді көрші елдерде шамамен 90 адам ажал құшқан. Ал жер сілкінісінен туындаған көшкін салдарынан Эвересте кемінде 17 адам ажал құшып, 60-тан астамы жарақаттанды.