Непалдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 800 адамнан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Непал астанасы Катманду маңында болған зілзаладан қаза тапқандар саны 800 адамнан асты, деп хабарлады «ВВС» жергілікті билікке сілтеме жасай отырып.

Полицияның хабарлауынша, бұл көрсеткіш одан көп болуы мүмкін. Себебі, ауыр жараланған адамдар саны әлі белгісіз және қирандылар астында қалған адамдар да шығарылған жоқ. Непал билігі халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады. Непал астанасынан 77 шақырым жерде 7,9 баллдық жер сілкінді. Жер сілкінісінен Эверестте қар көшкіні болды.