Непалдағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 5 мың адамнан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 5057 адамға дейін көбейді. Бұл туралы Твиттердегі өз парақшасында Agence France-Presse хабарлайды.

Бұған дейін елдің премьер-министрі Сушилу Коиралу табиғи апат салдарынан құрбан болғандардың саны 10 мың адамға дейін жете алатынын мәлімдеген болатын, деп жазады Газета.ру.