Непалдағы зілзаладан кейін Эверестің шөккені анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЮНАВКО геофизикалық зерттеулердің коммерциялық емес консорциумы мамандарының мәлімдеуінше, әлемдегі ең биік шың 2 сантиметр 54 миллиметрге аласарған, деп хабарлайды www.24.kz.

Есесіне, Гималайда орналасқан Аннапурна тау сілемі жер сілкінісінен кейін 20 сантиметрге биіктеді. Германиялық аэро-ғарыштық орталық қызметкерлері Катмандудағы жердің біраз бөлігі бұрынғы деңгейінен 91 сантиметрге көтерілгенін айтады. Барлық ғалымдар жер қыртысының бұлайша өзгеруін жер асты дүмпулерінің жойқын күшімен байланыстырып отыр.