Провинцияда жойқын дауылдың себебінен кемелер айлаққа қайтырылды, ұшулар және паром тасымалдары тоқтатылды және мектептер жабылды.
Дауылдың кіндігінде желдің күші 14 балл болып, желдің екпіні секундына 42 метрге жетті.
Тайфун бейсенбі күні Гуандун провинциясына жетті, табиғат апаты салдарынан Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында 3000-нан астам мектеп жабылды.
Тайфун апаты жақындап келе жатқан Сянганда қор биржасы, сот органдары, мектептер, балабақшалар, қарт адамдарға көмек орталықтары мен клиникалық ауруханалар жабылды. Мұнда троллейбустар, аспалы жолдар және Сянган аралын жалғастыратын паром қатынасы тоқтатылды.
«Несат» тайфунынан Филиппинде 35 адам мерт болды.