Іс материалдарына сәйкес, 2014 жылы Г. есімді азаматша өзін несие ұйымында жұмыс жасайтын менеджер ретінде таныстырып «төмен пайызбен несие алып берем» деп адамдардың сеніміне кірген.
Осылайша 42 адамды алдап, олардың құжатымен 26 052 600 теңге көлемінде несие алған.
Медеу аудандық №2 сот үкімімен айыпталушы ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлімімен айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айрылды.
Жапа шеккен азаматтардың шағым қанағаттандырылып, оларға келтірілген материалдық шығынды өтеуге екі ай уақыт берілді.