Несиелік тұрғын үй құрылысына Ұлттық қордан қосымша 67 млрд. теңге бөлінді - Е.Досаев
Бұл туралы primeminister.kz жазады.
«Ұлттық қордан жергілікті атқарушы органдар арқылы несиелік тұрғын үй салуға қосымша 67 млрд. теңге бөлінді», - деді Е.Досаев.
Ол барлық облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдары арнайы құнды қағаздар шығару мүмкіндігі үшін экономика министрлігі 2016 жылғы 7 сәуірде Бюджеттік кодекске сәйкес өзгертулер енгізілгенін, сондай-ақ биылғы жылдың 25 сәуірінде 2009 жылғы 15 маусымдағы ҚР Үкіметі қаулысына сәйкес өзгертулер енгізілгенін еске салды.
«Бүгінде Қаржы министрлігі 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрықты өзгерту жобасы бойынша келісімді аяқтайды және осы аптада ол тіркеледі. Одан кейін жергілікті атқарушы органдар өз қағаздарын шығара алады. Бұдан өзге, «Бәйтеректің» қолдаухаты бойынша KASE жалғыз сатып алушы болған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың осындай облигацияларды шығару кезінде маркет-мейкердің болуы бойынша өз талабын алып тастады», - деп мәлімдеді Е.Досаев.
Ол борыштық құнды қағаздарды шығарғаннан кейін «Бәйтерек» АҚ оларды сатып алып, жергілікті атқарушы органдар тұрғын үйді салуды бастайтынын айтты.
«Жекелеген өңірлер осындай құнды қағаздарды болашақта шығаруға қатысты тұрғын үй салуды бастады. 2016 жылдың соңына дейін аталған бағыт бойынша алдында қарастырылған 60-тан астам млрд теңгенің 41,7 млрд теңгесі игеріледі деп күтілуде. Қалған қаражатты 2017 жылдың екінші-үшінші тоқсанда игеру жоспарланған», - деп мәлімдеді ұлттық холдинг басшысы.