Павлодар облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адам өз несиесін төлей алмағандықтан, осылайша міндетінен жалтарғысы келген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
Ол полицияға алаяқтардың келтірген шығын көлемі 301 756 теңге деп көрсеткен. - Тергеу нәтижесінде белгілі болғаны, Агапова жалған ақпараттарды жеткізген. Ақсу қалалық сотының шешімімен әйел адам кінәлі деп танылып, пробациялық бақылаумен 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, - деді прокуратурада.
12:20, 19 Шілде 2017
Несиесін төлеуден жалтарған әйел құжаттарын алаяқтар пайдаланып кетті деп арызданған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақсу қаласының тұрғыны Наталья Агапова белгісіз біреулердің оның атынан несие алғандығын және банктың ай сайын несие төлеуді талап етіп жатқандығы жөнінде полицияға арызданған.