Несіп Жүнісбаев ҚР Спорт баспасөзі қауымдастығының құрметті президенті болып сайланды

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Спорт баспасөзі қауымдастығының президенті Ільяс Омаровтың ұсынысы бойынша, ұйымның құрметті президенті болып Несіп Жүнісбаев сайланды.

Бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Спорт баспасөзі қауымдастығының құрылтайшыларын кезектен тыс шақыру барысында ұйымның президенті болып Ільяс Омаров сайланғандығын естеріңізге саламыз.

Қауымдастықтың жаңа басшысының жетекшілігімен өткен бірінші отырыста ұйым мүшелері бірқатар өткір мәселелерді қарастырды.

Сонымен бірге, І.Омаровтың ұсынысы бойынша ҚР Спорт баспасөзі қауымдастығының құрметті перзиденті сайланды. Ол ұйымның бұрынғы басшысы - Несіп Жүнісбаев.