08:54, 15 Маусым 2009
Нетаньяху Палестина мемлекетін танудың екі шартын атады
ТЕЛЬ-АВИВ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат - Израиль Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяху жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде, Палестина мемлекетін танудың екі шартын атады.
Атап айтқанда Палестина демилитарландырылса және Израильді еврей халқының мемлекеті деп таныса, тәуелсіз Палестина мемлекетін құруға келісуге әзір екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.Израиль үкіметінің басшысы палестина-израиль мәселесін реттеу мақсатында «екі халыққа - екі мемлекет» формуласын осындай нақты түрде алғаш рет мойындап отыр. «Егер біз демилитаризациялану кепілдігін алсақ және палестиналықтар Израильді еврей мемлекеті деп таныса, біз бейбіт келісімге келуге және Израиль еврей мемлекетінің жанынан Палестина мемлекетін құруға келісуге әзірміз», деді Нетаньяху Бар-илан университетінде сөйлеген сөзінде.