Нетаньяху Дамаскідегі президент сарайының жанындағы нысанға шабуыл жасалғанын мәлімдеді
09:09, 02 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Қорғаныс министрі Исраэль Кац Дамаскідегі президенттік сарай маңындағы нысанға жасалған шабуыл туралы бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
– Бұл Сирия режиміне жасалған айқын белгі. Біз Дамаскінің оңтүстігіне әскер жіберуге немесе друздар қауымдастығына қауіп төндіруге жол бермейміз, - деп келтірді The Times of Israel мәлімдемеден үзіндіні.
Бұған дейін Сирияда друздар (арабтардың жабық этноконфессиялық тобы) мен үкіметті қолдайтын күштер арасындағы қақтығыста 14 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.
Еске сала кетсек, Ресей Дамаскідегі жаңа үкіметтің Ресейге қашып кеткен Башар Асадты экстрадициялау туралы өтінішін қабылдаған жоқ.