Бұл ретте Нетаньяху кейінгі бірнеше күнде Израиль әскерінің Газада бірнеше көпқабатты ғимаратты қиратқанын еске салды. Израиль тарапының айтуынша, бұл көпқабаттарды ХАМАС қозғалысының өкілдері соғысқа пайдаланып отыр.
Прмеьердің сөзінше, Израильдің әскер әуе күштері Газада 50 көпқабатты ғимаратты қиратқан.
-Бұның барлығы негізгі әрекеттердің басы ғана. Біздің әскер қазір Газада жерүсті маневрін жасауға дайындалып жатыр. Осы ретте мен Газа тұрғындарын қаладан кетуге шақырамын,-деді Нетаньяху.
Бұған дейін Израиль билігі Газа қаласын толық бақылауға алып, ХАМАС қозғалысының радикалды топтарын толығымен жою үшін кең ауқымды шабуыл операциясын жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын. Бұл операцияға қатысты жоспарлар тамыз айының соңында премьер-министр Нетаньяхудың бастамасымен мақұлданған.
Осыған дейін Израиль Газа секторындағы көпқабатты ғимаратты қиратқаны туралы жаздық.