Нетаньяху мамыр айында Әзербайжанға сапарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 2025 жылдың мамыр айының басында Әзербайжанға ресми сапармен барады. Бұл туралы Ynetnews басылымы хабарлады.
Нетаньяху Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізеді. Олар Баку мен Тель-Авив арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылауды көздейді.
Сапар Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келіссөздердің қайта басталуымен тұспа-тұс келіп отыр. Сонымен қатар, Сириядағы Түркия әскерінің болуы жөніндегі келіссөздер де күн тәртібіне енгізілген.
— Мақсат Израиль мен Әзербайжан арасындағы екіжақты байланысты кеңейту, Бакудың Орталық Азиядағы ықпалын арттыру және Әзербайжанның «Авраам келісіміне» қосылу мүмкіндігі талқылау, — делінген хабарда.
Жуырда Әлиев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен және Сирияның жаңа президенті Мұхаммед аш-Шараамен келіссөздер өткізген болатын. Сарапшылардың пікірінше, бұл Әзербайжанның өңірдегі рөлін нығайтып отыр. АҚШ пен Израиль де Әлиевті өңірлік қайшылықтарды шешуде маңызды делдал ретінде қарастырады.
Айта кетейік, Ильхам Әлиев Анталияда өткен 4-ші дипломатиялық форумда Әзербайжан Сирияны қалпына келтіруге қатысуға дайын екенін мәлімдеген еді.
Сондай-ақ, Әзербайжан Трамп командасына USAID-тің заңсыз әрекеттері туралы фактілерді беруге ниетті.