Нетаньяху премьер-министр қызметін Айзенкотқа беруге дайын екенін мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM — Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ұлттық бірлік үкіметін құру мақсатында үкімет басшысы қызметін ротацияның алғашқы кезеңінде «Яшар» партиясының жетекшісі Гади Айзенкотқа беруге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Report агенттігі Ynet басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Фото: Report

Нетаньяху үкіметтің алғашқы кезеңінде премьер-министрдің орынбасары қызметін атқаруға келісетінін жеткізді.

Оның айтуынша, қауіпсіздікке төнген қатерлердің ауқымын ескере отырып, ол тіпті премьер-министр лауазымын ең көп орын алған партияның жетекшісі иеленуі керек деген қағидаттан да бас тартуға дайын.

— Тіршілік етуімізге төнген қауіптің ауқымын ескере отырып, көшбасшы ретіндегі жауапкершілігім бәрін кейінге ысырып, Гади Айзенкоттың бастапқы кезеңде премьер-министр қызметіне кірісуіне, ал мен оның орынбасары болуға келісуімді талап етеді, — деді Нетаньяху.

Сондай-ақ ол Айзенкотты келіссөздерді кідіріссіз бастауға шақырып, екі тарап Израильдің қауіпсіздігі мен болашағын қамтамасыз ете алатын ұлттық бірлік үкіметін құру жолында өзара ымыраға келуге дайын болады деген үмітін білдірді.

Айта кетейік, Нетаньяху партиясы Израильдегі 120 сайлау учаскесінің нәтижесін қайта қарауды талап еткен болатын.