Агенттіктің хабарлауынша, Netflix компаниясының Азияда жанкүйерлері көп. Соңғы кездері Netflix компаниясы сыртқы нарыққа көбірек көңіл бөліп, инвестиция салып жатыр. Биылдың өзінде жаңа контенттерге 8 млрд АҚШ доллары мөлшерінде қаржы бөліп, соның 6,9 млрд долларын жұмсап үлгерген.
Netflix - негізінен сериалдар шығаруға маманданған америкалық компания. Компания телехикаяларының көпшілігі ақылы жазылым негізінде көрсетіледі. Netflix-ке жазылғандардың жалпы саны 130 миллионнан асады, соның жартысына жуығы АҚШ тұрғындары.
Сервис 190 елде қолжетімді.