Neuralink зағип адамның көру қабілетін жартылай қалпына келтіреді — Маск

Фото: Oxu.az

АСТАНА.KAZINFORM — 2026 жылы америкалық Neuralink компаниясы зағип адамның көру қабілетін жартылай қалпына келтіру операциясын жасамақшы, деп хабарлайды Kazinform

— Біздің мақсатымыз келесі жылы толығымен зағип адамдардың көру қабілетін қалпына келтіру, — деді компанияның негізін қалаушы Илон Маск X әлеуметтік желісіндегі Neuralink жазбасының астындағы түсініктемеде.

Компания Канадада екі операция аяқталғанын хабарлады. Бұл АҚШ-тан тыс алғашқы процедура.

— Бұл біздің технологиямызды бүкіл әлем бойынша көбірек қолжетімді ету жолындағы маңызды қадам, — деп қосты Neuralink.

Қаңтар айында Neuralink ми интерфейсіне арналған чип үшінші науқасқа имплантацияланғаны туралы хабарланған болатын. 

Айта кетелік Илон Масктың фото мен видео жасауға арналған нейрондық желісі тегін болды