— Біздің мақсатымыз келесі жылы толығымен зағип адамдардың көру қабілетін қалпына келтіру, — деді компанияның негізін қалаушы Илон Маск X әлеуметтік желісіндегі Neuralink жазбасының астындағы түсініктемеде.
Компания Канадада екі операция аяқталғанын хабарлады. Бұл АҚШ-тан тыс алғашқы процедура.
— Бұл біздің технологиямызды бүкіл әлем бойынша көбірек қолжетімді ету жолындағы маңызды қадам, — деп қосты Neuralink.
Қаңтар айында Neuralink ми интерфейсіне арналған чип үшінші науқасқа имплантацияланғаны туралы хабарланған болатын.
Айта кетелік Илон Масктың фото мен видео жасауға арналған нейрондық желісі тегін болды.