20:47, 20 Мамыр 2009
«Невада-Семей» халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес қозғалысының құрылуына 20 жыл толды ? баспасөз мәслихаты
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында белгілі қоғам қайраткері, «Невада-Семей» халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес қозғалысының жетекшісі, ақын Олжас Сүлейменовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Осыдан 20 жыл бұрын құрылған халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес қозғалысы Қазақастанда ядролық полигонның жабылуына зор үлес қосты. «Невада-Семей» қозғалысы 1989 жылы 11, бұған қоса жоспарланған 18 жарылысты тоқтатты. Қазақстанда ядролық полигон жабылғаннан кейін әлемнің ірі 4 полигонында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. Ол ? Жаңа Жер (Ресей), Невада (АҚШ), Мороруа (Франция) және Лобнор (Қытай)», - деді О.Сүлейменов.Аталмыш қозғалыс қайта жандануда. Қазір «Қазақстан жастары ядросыз әлем үшін» акциясын жүргізу жоспарлануда. Акцияның ұйымдастырушылары бар әлемнің миллиондаған жастарынан қол жинамақ. Одан кейін қыркүйектің соңында аталмыш қолтаңбалар БҰҰ-ға және Бас Ассамблеяға жіберіледі. Бұл шараға таяу көрші елдер, оның ішінде Ресей мен Қытай тартылады. Бұл ? жастардың ядролық қозғалысқа қарсы күрес қозғалысының басы болмақ.