Ауа райының қолайсыздығы сонша, фестивальге кіруді, тіпті оның аумағынан кетуді тоқтатуға тура келді. Америкалық БАҚ сенбі күні онда 70 мыңнан астам адам қалып қойғанын хабарлады.
Блэк-Рок шөліндегі жыл сайынғы Burning Man фестивалі Америка Құрама Штаттарындағы ең танымал мәдени шаралардың бірі.
Әлеуметтік желідегі кадрларда қатысушылардың балшықтан өтуге тырысып жатқанын көруге болады. Ұйымдастырушылар құм құрғағанша көлік жүргізуге тыйым салынғанын айтты (жедел қызметтерді қоспағанда).