New Balance талап-арызы бойынша сотта бітімгершілік келісім бекітілді
АСТАНА.KAZINFORM – Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында New Balance Athletic, Inc. компаниясының талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.
Америкалық компания талап-арызында жауапкердің New Balance тауар белгілерін заңсыз пайдаланғанын айтып, өтемақы өндіруді сұраған.
Сот тараптарды татуластыру мақсатында тиісті шаралар қабылдап, нәтижесінде тараптар сотта бітімгершілік келісімге келді.
Келісім шарттарына сәйкес, жауапкер 200 000 теңге көлемінде өтемақы төлеуге, сондай-ақ талап қоюшының «New balance» тауар белгісі бейнеленген тауарды жоюға міндеттенді.
Сот бітімгершілік келісімді бекітіп, азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.
Айта кетейік, бұған дейін Қытайдан сатып алынған тауарлар қазақстандықтарға қалай жеткізілетіні жайлы жазғанбыз.