New York Times сауалнамасының нәтижесі бойынша Б.Обаманың АҚШ халқы алдындағы беделі түсіп қалған

АСТАНА. 27 қыркүйек. Қазақпарат - АҚШ президенті Барак Обаманың халық арасындағы рейтингісі түсіп қалған. Бұл туралы New York Times бен CBS News бірлесіп жүргізген сауалнама барысында анықталды.

Президент әрекеттерін елдің 49 пайызы қолдамайды, сауалнамаға қатысқандардың 43 пайызы Ақ үй басшысы елді басқарып келе жатқалы биылғыдай нашар шаралар қолданбаған деп есептейді.

Американдықтардың 30 пайызы ғана Б.Обама отандастарының бар жағдайын жасап, оларға қамқорлық көрсетуде деген пікірде. Алайда бұл көрсеткіш американдық көшбасшының бірінші кезеңіндегідей емес, одан әлдеқайда төмен. Бұл туралы РБК хабарлады.

Азаматтардың көбісі АҚШ-тың сыртқы саясатын қолдамайды. Соның ішінде Сирия мен Иранға қатысты реформасын, сонымен бірге, Б.Обаманың денсаулық сақтау саласында қабылдаған шараларын құп көрмейді.

Американдықтардың үштен екі бөлігі ел дағдарыстан шығудың жалған жолында деп санайды. Бұл - 2012 жылдың басынан бері ең жоғарғы көрсеткіш. Сонымен қатар, АҚШ тұрғындары мемлекет шығындарына қатысты көңілдері толмайды, он адамның тоғызы федералды үкіметтің жұмысынан көңілдері қалғанын мәлімдеген.