Неймардың кететіні туралы «Барселона» бүгін ресми ақпарат таратқан.
«Таңғы жаттығу барысында Неймар клубтан кеткісі келетіні және келешегіне қатысты сұрақтарға байланысты жаттығуға келмейтіні турасында тілек білдірді», - деп хабарлайды ақпарат көзі.
Мәлімет көзінің хабарлауынша, клуб Неймардың шынында да кететінін растаған. Футболшы 6 тамыз күні каталондықтардың сапында соңғы матчын өткізеді.
БАҚ-тың хабарлауынша, «Пари Сен-Жермен» Неймардың келісімшартын сатып алу үшін рекордтық 222 млн еуро жұмсайды.
Айта кетерлігі, Неймар "Барселона" сапына 2013 жылдың мамыр айында келіп, шілденің 30 жұлдызында команда сапында тұңғыш ойынын өткізген болатын.