Бұл туралы Marca хабарлады.
Басылымның ақпараты бойынша, футболшы екі рет Каталония клубының президенті Жозеп Бартомеуден бұл келісімді жоюын сұраған. Куәгерлер атап өткендей, Неймар жылаған, бірақ «Барселона» басшылығы мен футболшының әкесі оны сатудан бас тартуды қаламаған.
25 жастағы ойыншы 2017 жылдың жазында каталондық клубтан ПСЖ-ға кеткен, трансфер сомасы 222 миллион еуро - рекордтық көрсеткішке жеткен болатын.