Неймар өзіне ұшақ сатып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» футбол клубының шабуылшысы Неймар да Силва Жуниор өзіне ұшақ сатып алды.

Бұл үшін ол 10 миллион еуро жұмсаған. Неймар ұшақты ағымдағы жылдың маусымында өткен Америка Кубогы финалының алдында сатып алған. Алайда алғашқы рейсін таяуда ғана жасады. Ережесіз жекпе-жекті көру үшін Лас-Вегасқа ұшты. Сонымен қатар, ол мұнда америкалық НБА лигасының үш баскетболшысы: Маикл Джордан, Тревор Ариза және Джеймс Харденмен кездесті.

Футболшының сөзіне қарағанда, оған ұшақ Жапонияға сапарға баруға (жасасқан келісімшарттарға сәйкес жарнамаларға түсу үшін), Ұлттық құраманың жаттығуларына қатысу үшін Бразилияға ұшуға және жазғы демалыста саяхат жасауына керек болған, деп жазды espanarusa.com.