«Медицинаның қарыштап дамуымен қатар, мамандар да үздіксіз білімін жетілдіріп отыруы керек, бұл - заман талабы. Осы орайда, ҚР ПІБ Медорталығының дәрігерлері осы талап үдесінен көрінуге тырысып келеді. Медорталық ауруханасы директорының хирургия жөніндегі орынбасары Мыңжылқы Бердіқожаев AlmaU Жоғарғы бизнес мектебінде «Денсаулық сақтау менеджменті» бағдарламасы бойынша Іскерлік әкімшілендіру магистрі атанды», - деп жазды ҚР ПІБ әлеуметтік желідегі парақшасында.
Нейрохирург Мыңжылқы Сайлауұлы еңбек жолын ҚР ПІБ Медорталығы ауруханасында интервенциялық нейрорадиолог болып бастаған. Медорталықтың Орталық клиникалық ауруханасындағы нейрохирургия орталығын басқарған.
Ол әр жылдары тиісті министрліктің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», Қазақстан халқы ассамблеясының «Мейірім», сондай-ақ «Алтын дәрігер», «COVID-19 жанқиярлық күресі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.