Нейрохирургия ғылыми орталығында ашық есік күні өтеді - Астана

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада Ұлттық медициналық холдингтің Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталығы дәрігерлері 22 желтоқсанда сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін Ашық есік күнін өткізеді.

Еорданың ресми сайтының мәліметінше, осы бағытта кім медициналық көмек алғысы келсе,  Орталықтың жоғары  санатты  невропатологтары  мен  нейрохирургтері  тегін кеңес береді.