Нейрохирургия республикалық ғылыми орталығында емдеудің 30 шақты инновациялық әдісі енгізілді

АСТАНА 8 наурыз. ҚазАқпарат - Нейрохирургия республикалық ғылыми орталығында 2009 жылдан бері 30 шақты инновациялық технология енгізілді,

деп хабарлады Орталықтың бас директоры Серік Ақшолақов. pm.kz сайтына.

«3 жылда емханада 30-дан астам инновациялық технология игерілді, олардың бірқатары Орталық Азияда тұңғыш рет енгізіліп отыр», - деді С.Ақшолақов.

Оған қоса, былтыр Қазақстанда алғаш рет туа біткен патологиясы бар шақалақтарды хирургиялық емдеу жөніндегі 20 шақты операция жасалды. С.Ақшолақовтың айтуынша, бұрын шетелге баруды қажет ететін операциялардың барлығы бүгінде орталықта жасалады.

«3 жылдың ішінде түрлі патологиясы бар 300-ден астам адамға операция жасалды», - деп атап көрсетті орталық директоры өз сөзінде.

Оның айтуынша, емханада эпилепсияның ауыр патологиясын емдеудің жаңадан енгізілген әдістемесі бойынша 7 операция сәтті жасалды, ал 2012 жылы стереотаксикалық операцияларды енгізу жоспарлануда.