NHK: Жапонияның болат құю зауытында жарылыс болды
22:29, 01 Желтоқсан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Жапонияның Хоккайдао аралындағы Муроран қаласындағы Nippon Steel болат құю зауытында жарылыс болды. Бұл туралы NHK-ға сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Агенттік келтірген мәліметтерге қарағанда, жарылыстан соң өрт шыққан. 1 желтоқсандағы мәліметтер бойынша өрт сөндіріліп жатқан. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Кәсіпорын қаланың өнеркәсіп ауданында орналасқан.
Осыған дейін Пәкістанда желім зауытындағы жарылыстан 16 адам мерт болғаны туралы жаздық.