«NHL және NHL Ойыншылар қауымдастығы 2020 жылдың күзінде Әлем кубогын өткізу мүмкін емес деген қорытындыға келді. Дегенмен тараптар келесі турнир туралы келіссөздерді жүргізе бермек. Тек, ол өтетін уақыт жұрттың бәрінің көңілінен шықса болғаны», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, хоккейден Әлем кубогы соңғы рет 2016 жылы болған еді. Онда Канада жеңіске жеткен.