Ниагара сарқырамасындағы су қарайып кетті
17:12, 01 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шілде айының соңында Ниагара сарқырамасына барған туристер атақты табиғи нысандағы судың түсі қара түске айналып, сасық иіс шыға бастағанын байқаған.
Тікұшақтан түсірілген кадрға экологиялық апаттың салдары түсіп қалған.
Ниагара сарқырамасының ластануына таяу орналасқан зауыт себеп болып отыр. Қызметкерлер сарқырамаға су ағызар алдында сүзгіш резервуарларды жуып үлгермеген.
Фабрика өкілдері ластану салдарын көп кешікпей жоюға уәде берді. Оларға айыппұл салына ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.