«Астана» спортшыларының арасында үздік нәтижені Танел Кангерт көрсетті. Ол жеңімпаздан 6 минут және 11 секундқа қалып қойды. О мәреге 22-ші жетті. 23-ші орында - Винченцо Нибали, деп хабарлады vesti.kz. Осылайша, Тур де Франстың 11-кезеңінен кейін Винченцо Нибали жалпы есептегі жағдайын қиындатып алды, ол 11-орында. Топ басында британиялық Крис Фрум. Екінші орындағы Т. Ван Гардерен одан 2 минут 52 секундқа қалып келеді. Жарыс алдында жеңістен басты үміткерлердің бірі ретінде аталған испаниялық Альберто Контадор әзірше алтыншы орынды қанағат тұтуда.
15:01, 16 Шілде 2015
Нибали «Тур де Франс» сынының 11-кезеңінен кейін бір сатыға төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 'Тур де Франс' сынының 11-кезеңінде 'Тинькофф-Саксо' командасының өкілі Рафал Майка жеңіске жетті. Одан кейін мәреге Team Cannondale-Garmin спортшысы Даниэль Мартин мен Bora-Argon 18 өкілі Эмануэль Бухманн жетті.