«Әзірге Ниццада жоғалған отбасы жөнінде еш ақпар болмай тұр. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Іздеуді біздің дипломаттар жүргізуде», - деп атап өтті ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ануар Жайнақов.
Айта кетейік, төрт адамнан тұратын қазақстандық отбасы - атасы, әжесі, қызы мен немересі Ниццаға Павлодардан барған. Бейсенбі күні (теракт күні - ред.) атасы үйде қалған, ал әжесі, қызы мен немересі қалаға қыдыруға кетіп, содан кейін қайтып оралмаған.
Қазір қазақстандық дипломаттар француз билігінің көмегімен оларды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
12:13, 17 Шілде 2016
Ниццада жоғалып кеткен қазақстандық отбасы әзірге табылған жоқ - ҚР СІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теракт кезінде Ниццада болған қазақстандық үш азаматтың қайда екені әзірге анықталған жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.