Ниццадағы лаңкестіктен кейін Испания Франциямен шекарадағы қауіпсіздік шараларын нығайтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ниццадағы лаңкестіктен кейін Испания Франциямен шекарадағы қауіпсіздік шараларын нығайтты. Бұл туралы корольдіктің ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Хорхе Фернандес Диас LaSexta телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлады ТАСС.

Фернандес Диастың сөзіне қарағанда, Франциямен «шекараны нығайту бойынша шаралар қабылданды».

Сонымен қатар ішкі істер министрінің міндетін атқарушы  ІІМ жұма күні корольдікте террорлық қауіп деңгейін арттыру керек пе жоқ па екенін қарастыратынын атап өтті. Қазіргі уақытта Испанияда лаңкестік қауіптің төртінші деңгейі сақталған.