Кейбір деректерге қарағанда қылмыскер бір әйелдің басын кесіп алған. Қылмыс бейсенбі күні таңертең Нотр-Дам шіркеуі маңында жасалған.
Ницца мэрі Кристиан Эстрози оқиғаны теракт деп мәлімдеді. Ол Twitter-дегі парақшасында күдікті адамның ұсталғанын жазып, құқық қорғаушыларға жедел әрекет еткені үшін алғыс айтты.
Елдің ІІМ-де оқиғаны тергеу үшін дағдарыс штабы құрылды.