Ниццадағы терактіге қатысты сегіз адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ниццада және оған жақын маңда сегіз адам ұсталды. Олар адамдарды таптап өткен жүк көлігінің басқарған Мұхаммед Лахуайедж Бухлельдің жақын таныстары. Бұл туралы Reuters агенттігі тергеу ісіне жақын адамға сілтеме жасай отырып.

Агенттікке ақпарат беруші ұсталғандар аталған істе әлі соңғылар емес екендігін айтқан.

Еске сала кетсек, Бастилияны азат ету күнін мерекелеу қарсаңында 31 жастағы тунистік Мұхаммед Лахуайедж Бухлель Ниццаның теңіз жағалауында тұрған адамдарды қасақана жүк көлігімен соғып өткен. Салдарынан 86 адам көз жұмды.

Осы істі тергеу барысында алты күдіктіге айып тағылды.