Нидерланд 2025 жылдан бастап жанармаймен жүретін көліктер сатуға тыйым салады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел парламентінің төменгі палатасы 2025 жылдан бастап бензин және дизель жанармайымен жүретін жаңа автомобильдер сатуға тыйым салатын заң жобасын қабылдады, деп жазады Guardian газеті. Енді бұл бастаманы голланд сенаты құптауы керек.

Бұл бастаманы Жұмысшылар партиясының депутаттары ұсынып отыр. Олар басқарушы коалицияның құрамында. Алғашқыда олар жанармаймен жүретін көліктерге толық тыйым салмақ болған, алайда бұл бастаманы парламент қолдамады. Төменгі палата мақұлдаған заң жобасына сәйкес ескі көліктер әзірге айналымнан шығарылмайды.

Қазір елдегі электромобильдер саны барлық көліктің 10%-ына жеткен.