Нидерланд парламент сайлауында Герт Вилдерстің оңшыл партиясы алда келеді

Фото: Anadolu Ajansi

Экзит-полл нәтижесі Герт Вилдерстің әсіре оңшыл партиясы Нидерланд парламентіне кезектен тыс сайлауда көш бастап келе жатқанын көрсетті. Kazinform бұл туралы Euronews жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алғашқы мәліметге сенсек, Вилдерс партиясы Парламенттің жаңа құрамындағы 35 орынға үміт арта алады.

2021 жылғы сайлауда ол мандаттардың жартысына жуығын алды - 17.

Бостандық партиясынан кейін Еңбек партиясы мен Франс Тиммерманстың «Жасыл солшылдар» коалициясы 26 орында тұр (бұрын 17 орын). Үштікті 23 орынмен (бұрын 34) бостандық пен демократия үшін халық партиясы жабады.

Нидерланд сайлау кеңесі сайлаудың ресми қорытындысын 1 желтоқсаннан кейін жариялайды.

Мерзімінен бұрын парламент сайлауы Марк Рютте 13 жыл бойы қызмет еткен премьер-министр қызметінен кетуге шешім қабылдағаннан кейін жарияланды.