Нидерланд парламентшісі Украинадағы «Боинг» ұшағы апатында қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Голландиялық саясаткер, Нидерланд жоғары заңнамалық органының өкілі Виллем Виттевеен (Willem Witteveen) Украинаның шығысында Malaysia Airlines әуе компаниясы ұшағы апатында қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости.

Malaysia Airlines басылымының атап өтуінше, сонымен бірге Голландиядағы Тилбург қаласының университетінде құқық пәнінен оқытушысы болған 62 жасар саясаткер ұшақта әйелімен және қызымен бірге болған. Виттевеен басылымы деректеріне сүйенсек, Еңбек партиясының мүшесі, 1999 және 2013 жылы Сенатқа, парламенттің жоғары палатасына екі рет сайланған.