Голландиялық пойыздардың жел электріне ауысуы - еуропалық мемлекет үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін айтулы оқиға болды. Нидерланд - пойыздарды жел электр стансалары өндіретін қуатпен жүргізу технологиясын енгізген алғашқы ел.
Пойыз 200 шақырым жол жүруі үшін генератор бір сағат қана жұмыс істесе болғаны. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.