— Нидерланд үкіметі көші-қонды бақылау бойынша қатаң шаралар қабылдап жатыр. Мұндай қадамдарды ЕО деңгейінде де жүзеге асыру қажет деп санаймыз, — деді Дик Схоф.
Оның айтуынша, бұл мәселеде үшінші елдермен ынтымақтастық шешуші рөл атқарады.
Премьер-министр сонымен қатар корольдік аумағында орын алған антимигранттық наразылықтарға да тоқталды. Белгілі болғандай, кейбір азаматтар босқындар тасқынын тоқтатуға тырысып, шекараны өз бетімен бақылауға алған.
— Барлық әрекет заң аясында жүзеге асырылуы тиіс, — деді Схоф бұл жағдайға пікір білдіре отырып.
Айта кетейік, 9 маусымда Algemeen Dagblad газеті Германиямен шекаралас аймақта тұратын нидерландтықтар бақылау-өткізу бекетін ұйымдастырғанын хабарлады. Бұл бастама корольдік билігінің тым жұмсақ көші-қон саясатына қарсылық ретінде өткізілген. Акция Германия мен Нидерланд шекарасындағы Тер-Апель елдімекені маңында өткен. Айта кетейік, бұл елдімекен босқындарды қабылдайтын негізгі орталықтардың бірі ретінде танымал.
Айта кетелік Нидерландыда коалиция ыдырағаннан кейін кезектен тыс сайлау өтетіні туралы жазған едік.