«Нидерланд үкіметі 2022 жылдың 17 қыркүйегінен бастап елге кіруге салынған тыйымды алып тастау жөнінде шешім қабылдады. Нидерландтағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, үкімет Нидерландқа кіру үшін ЕО-ға кіруге салынған тыйым бұдан былай жарамды емес деп санайды», - делінген ел үкіметінің хабарламасында.
Еуропалық комиссия 2022 жылдың күзінде Еуропалық Одаққа (ЕО) кіру ережелерін қайта қарау туралы ұсыныс жариялауды жоспарлап отыр.
Үкіметтің шешімі 2022 жылғы 17 қыркүйектен бастап COVID-19-ға байланысты ешқандай шектеу немесе талап Нидерландқа, оның ішінде ЕО/Шенген аймағына кірмейтін елдерден келген саяхатшыларға қолданылмайды дегенді білдіреді.
Фото: yamatoeurope.com